Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Жаңалықтар Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Корпоративтік" жаңа бағдарламасы бойынша ақпарат
Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Корпоративтік" жаңа бағдарламасы бойынша ақпарат

12123

Павлодар облыстық филиалы

КазақстанРеспубликасы, Павлодар қаласы, Абай көшесі, 75 үй

Телефоны (87182) 209244, факсі (87182) 209700

Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Корпоративтік" жаңа бағдарламасы бойынша

ақпарат

 

Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес "Корпоративтік"жаңа бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама жеке компаниялар мен кәсіпорындардың, мемлекеттік және коммуналдық ұйымдардың Қызметкерлеріне кредит беруді ұйымдастырудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері - Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке компаниялардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік және коммуналдық ұйымдардың Қызметкерлеріне тұрғын үйді Сату арқылы өз тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша халықтың көп бөлігі үшін мүмкіндіктерді арттыру болып табылады.

Бағдарлама жылдық 5% ставка бойынша бастапқы жарна 0% - дан бастап алдын ала қарыз беруді көздейді.

"Корпоративтік" жаңа өнімін пайдалану үшін ұйым өз қызметкерлерінің қарыздарын 100% қорландыру үшін қаражат қарастыру тиіс.

Бұл жағдайда кредит беру тетігі мынадай болады:

1. Ұйым ақшаны банктегі өзінің ағымдағы шотына енгізеді. Бұл қаражат кепіл деп саналады. Оларға алдын ала қарыздар берілетін болады.

2. Егер "Корпоративтік" өнімін жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын болса, онда бұл жағдайда жергілікті әкімдік Банкке 8 жылға дейінгі мерзімге бюджеттік кредит береді.

3. Банкке қорландыруға арналған қаражатты аударғаннан кейін ұйым жеңілдікті несиеге үміткер қызметкерлердің тізімін жібереді. Банк олардың төлем қабілеттілігін тексереді және тұрғын үй сатып алуға алдын ала қарыздар береді. Кредиттер 8 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 45 млн теңгені құрайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің шарттары бойынша алғашқы 8 жыл ішінде қарыз алушы кредит бойынша бір мезгілде сыйақы төлеп, ТҚЖБ-да шотта жинақталатын болады. Осы мерзім өткеннен кейін ол тұрғын үй заемына көшеді, онда төлем сомасы төмендейді. Тұрғын үй заемының мерзімі қол жеткізілген бағалау көрсеткішіне байланысты болады және 6 айдан 25 жылға дейін болады.

Қарыз алушылар тұрғын үй заемына өткеннен кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қорландыруға арналған қаражатты ұйымға қайтарады.

Сондай-ақ банк 40% - ы 60% - ға принципі бойынша корпоративтік кредиттеу үшін қарыздарды қорландыруға қатысуға дайын. Онда қаражаттың 40% - ын банк бөлетін болады, ал 60% - ын ұйым жіберетін болады. Бұл жағдайда қарыз алу шарттары өзгереді. Оларды пәтер құнының 10% болған жағдайда жылдық 8% ставка бойынша алуға болады.

Строительство жилых домов для сотрудников правоохранительных органов по ул. Ген.Дюсенова 2/2 в г.Павлодар...
Строительство школы в пос. Солнечный на 420 мест
Строительство наружной сети водопровода в с. Карасор и с. Кулаколь
Строительство водопровода в селе Прииртышск Железинского района Павлодарской области...