Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Конкурстар әкімшілік мемлекеттік лауазымның кәсібіне Ішкі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнына орналасуға

барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

Конкурстың қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаттары үшін: жоғары білім, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығына сәйкес (озгертулермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығы).

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақы 

min

max

D-О-3

109 932

148 242


«Павлодар
облысыныңқұрылыс басқармасы»ММ, 140000, Павлодар қ., Женіс аланы, 5Б, 611 бөлме, телефон: 8 (7182) 32-58-16, факс 8 (7182) 32-22-02, электрондық адрес: kense.dtt@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, санаты «D-O-3», лауазым индексі № 9-8-1.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық жасау, бөлімнің атқару және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың бөлімдерімен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен және облыстың басқармаларымен берілген материалдар негізінде облыстық және республикалық бюджет бойынша Басқарманың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру және оларды жоспарлау бойынша салалық басқармаларға тапсыру; облыстық және республикалық бюджетін бюджеттік бағдарламаларын бекіту бойынша жобаларды дайындау; Бөлімнің құзіретіне қатысты Басқарманың нормативтік құқықтық актілерін дайындау; Аймақты дамытудың облыстық жоспарын құрастыру және дайындау кезінде Басқарманың құрылымдық бөлімдерінен Бөлімге түскен ақпараттарды жинау және қорытындылауды жүзеге асыру; аппаратты ұстау бойынша бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру; бюджеттік бағдарламаларды құзыретті органдармен келісу (басқарманың құзіреттілігі бойынша); бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламалар) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізген толық және түпкілікті нәтижелер туралы есепті құрастыру және жинақтау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика) саласында.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай куәландырылған қызмет ету тізімі.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

       Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Үміткерлермен әңгімелесу үміткерлерді әңгімелесуге өткені туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Павлодар қаласы, Женіс аланы, 5Б мекенжайы бойынша «Павлодар облысының құрылыс басқармасы»ММғимаратында өтеді. 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тұлғамен, тиісті мемлекеттік органның басшысымен (жауапты хатшысымен) келісім бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшыларды қатыстыруға рұқсат етіледі. Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссия шешiмi бойынша шағымдана алады.

 

2-қосымша

 

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________

_____________________________________________________________________________

________                                                       _______________________________________

(қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство наружной сети водопровода в с. Карасор и с. Кулаколь
Строительство ИКИ к ИЖС в р-н Ипподрома. Наружные сети водоснабжения
Строительство наружной сети водопровода в с. Карасор и с. Кулаколь
Реконструкция водопровода в с. Тортуй