Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Конкурстар әкімшілік мемлекеттік лауазымның кәсібіне Ішкі Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы
Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының

қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                2019 жылғы 3 сәуір

Астана көшесі, 59                                                                10-00

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – А.Қ. Ажмұрат

Хатшы: А.Е. Нұрсейітова

Комиссия мүшелері: М.С. Құлмағамбетова, Е.Ж.Әлдекенов, А. А. Урманов, И.Ю. Дроздова

 

Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы Смагулова Шынар Қабылбекқызы.

Әңгімелесу барысы Panasoniс SDR-H41EE-S (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды.

 

Күн тәртібі:

Басқарма басшысының орынбасары, санаты  D-О-2 (лауазым индексі 9-2-2) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

Басқарма басшысының орынбасары бос  мемлекеттік  әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш тапсырған:

Қуандықұлы Асылбек, 1990 жылы туылған. 2013 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Көкше» академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту департаментіне сарапшы болып мемлекеттік қызметке келді. 2016 жылдан бастап Экономика салаларын дамыту департаментінде бас сарапшы болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап  «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де қаржы және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет етеді. Мемлекеттік қызмет өтілі 5 жыл.

Әңгімелесу кезінде А. Қуандықұлына 9 сұрақ қойылды. 9 сұраққа дұрыс жауап берілді. Баға беру парағының негізінде 59,4 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына басқарма басшысының орынбасары бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға А.Қуандықұлының кандидатурасы ұсынылсын. 

Комиссия төрағасы

____________ А. Ажмұрат   

Комиссия хатшысы

____________ А. Нұрсейітова

Комиссия мүшелері

____________ М. Құлмағамбетова

 

____________Е. Әлдекенов

 

____________ А. Урманов

 

____________И. Дроздова

Сондай-ақ оқыңыз

Реконструкция водопровода в с. Тортуй
Строительство наружных сетей водоснабжения 207-208. 1 этап
Строительство жилых домов в 21 мкр. Жилой дом №1. №2
Строительство фельдшерско-акушерского пункта в с. Мойылды с/з города Павлодара...