Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

№ 3 хаттамасы

                                 

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссияның

 қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                2018 жылғы  21 ақпан

Ленин көшесі, 59                                                                10-00                                          

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – А.Е. Қозыбаев

Хатшы: Б.С. Мұкашева

Комиссия мүшелері:

С.Б. Қарабаева, Е.Ж. Әлдекенов, А.К. Омаров,  И.Ю. Дроздова

         Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы – «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс «ЖАҢАРУ» РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі Қапабаев Ермұхамбет Ахметбекұлы.

                Әңгімелесу барысы 1) OLYMPUS digital voice recorder VN-711PC (аудиожазба), 2) Sony DSC-S5000 (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды

 

Күн тәртібі:

 

         Экономикалық талдау, бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, санаты  D-О-3 (лауазым индексі 9-8-1) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

         Экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау   бөлімінң басшысы бос  мемлекеттік  әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш тапсырған:

Нұрғалиева Гүлнар Амангельдіқызы, 1972 жылы туылған. 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін Ертіс ауданының жұмысшы мамандықтарында қызмет атқарған. 2001 жылдан 2010 жылға дейін Ертіс ауданының Ленино ауылының әкім аппаратында маман, бас маман қызметтерін атқарған. 2014 жылы «Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс істеген.

         2014 жылдан 2017 жылдар аралығында  «Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де басшы қызметін атқарған. 2017 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін сол жерде жетекші маман болып жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет өтілі 15 жыл 7 ай.

         Әңгімелесу кезінде Г.А. Нұрғалиеваға 10 сұрақ қойылды. 8 сұраққа дұрыс жауап берілді, 2 сұраққа толық емес жауап берді. Баға беру парағының негізінде 59 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

         Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына  экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Г.А. Нұрғалиеваның кандидатурасы ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы

____________ А. Қозыбаев             

 

Комиссия хатшысы

____________ Б. Мұкашева

 

Комиссия мүшелері

____________ С. Қарабаева

 

 

____________А. Омаров

 

 

____________ Е. Әлдекенов

 

 

____________И. Дроздова

 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство школы в пос. Солнечный на 420 мест
Строительство призывного пункта в с. Иртышск
Строительство жилых домов в 21 мкр. Жилой дом №1. №2
Строительство наружной сети водопровода села Равнополь Успенского района...