Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Конкурстар әкімшілік мемлекеттік лауазымның кәсібіне Ортақ Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссияның қорытынды отырысының № 3 хаттамасы
Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссияның қорытынды отырысының № 3 хаттамасы

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссияның

қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                               2019 жылғы 3 шілде

Женіс аланы, 5Б                                                                                             10-00          

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – А.Қ. Омаров

Хатшы: Б.Н. Мұқашева

Комиссия мүшелері: А.Т. Мүшкенов, Б.С. Қайназарова, Е.Ж. Әлдекенов, И.Ю. Дроздова

 

Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова – Павлодар қалалық маслихатының депутаты.

Әңгімелесу барысы CANON DC 7.4V (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды

 

Күн тәртібі:

 

Экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас (лауазым индексі 16-8-2-2) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орынға экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 16-8-2-2), DO-4 санаты, қызметіне  жалпы конкурсқа қатынасу үшін өтініш білдірген:

Мерқанов Ғаббас Көбжесарұлы, 1968 жылы туған. 1992 жылы Новосібір мемлекеттік аграрлық университетін «АӨК салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 1997 жылдан бастап 2007 жыл аралығында салық және қаржы полициясы органдарында жұмыс істеді. Түрлі ЖШС-лерде басшы қызметін атқарды. 2016-2017 жж. аралығында Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2019 жылғы маусымға дейін «Агрозащитник-ПВ» ЖШС директоры болып істеді. Қазір жұмыс істемейді. 

Әңгімелесу кезінде Ғ.Қ. Мерқановқа 8 сұрақ қойылды. 3 сұраққа - жауап жоқ, 3 сұраққа - жауап толық емес. Баға беру парағының негізінде 33 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -5.

Айнұр Мейрамбекқызы Оспанова, 1989 жылы туған. 2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "машина жасау" мамандығы, 2014 жылы - Инновациялық Еуразия университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Машина жасау және стандарттау" кафедрасының инженері болып жұмыс істеген. 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың сәуір аралығында "Лебяжі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де және Лебяжі ауданының орта мектебінде бухгалтер болған. 2014 жылдың қазан айынан 2016 жылдың тамыз аралығында Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университетінде хатшы, мемлекеттік сатып алу бойынша маман болып жұмыс істеген. 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың ақпан аралығында Павлодар қаласының трамвай басқармасында мемлекеттік сатып алумен айналысқан. «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалында хатшы болып жұмыс істеді. 2018 жылғы 4 маусымнан бастап «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ-де экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде уақытша лауазымда жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет өтілі 1 жыл.

Әңгімелесу кезінде А.М. Оспановаға 8 сұрақ қойылды. 8 сұраққа дұрыс жауап берілді. Баға беру парағының негізінде 45 балл жинады. Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға А.М. Оспанованың кандидатурасы ұсынылсын.

3. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметіне әңгімелесу нәтижесі бойынша Ғ.Қ. Мерқанов қабылданбайды.

Комиссия төрағасы

____________ А. Омаров

 

Комиссия хатшысы

____________ Б. Мұқашева

 

Комиссия мүшелері

____________ А. Мүшкенов

 

 

____________ Е. Әлдекенов

 

 

____________ И. Дроздова

 

 

____________ Б. Қайназарова

 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство жилых домов для сотрудников правоохранительных органов по ул. Ген.Дюсенова 2/2 в г.Павлодар...
Строительство ИКИ к ИЖС в 23 мкр. Электроснабжение
Строительство водопровода в с. Луговое
Строительство водопровода в селе Прииртышск Железинского района Павлодарской области...