Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Конкурстар әкімшілік мемлекеттік лауазымның кәсібіне Ортақ Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы
Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының

 қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                            2018 жылғы  15 қазан

Ленин көшесі 59                                                                                                10-00                                            

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – А.Е. Қозыбаев

Хатшы: А.Е. Нұрсеитова

Комиссия мүшелері: А.А. Урманов, Е.Ж. Әлдекенов, Г.А. Нұрғалиева,  И.Ю. Дроздова

Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы – «Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Жұлдыз Қанатқызы Нұрмакина.

Әңгімелесу барысы 1) OLYMPUS digital voice recorder VN-711PC (аудиожазба), 2) Sony DSC-S5000 (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды

 

Күн тәртібі:

 

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, 2 бірлік, санаты  DО-4 (лауазым индексі 9-6-2-1, 9-6-2-2) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-6-2-1) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысу үшін өтініш білдірген:    

Орта мектепте іс жүргізуші, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/3 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеген. 2016 жылы  «Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де аударма бойынша редактор, «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де іс жүргізу бойынша инспектор болған. 

2017 жылдан бастап  «Павлодар облысының мемлекеттік-сәулет құрылыс бақылау басқармасы» ММ-де әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы ретінде мемлекеттік қызметке келіп, қазіргі уақытта сол жерде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет өтілі 1 жыл 1 ай. 

Әңгімелесу кезінде А.Е. Нұрхасимоваға 9 сұрақ қойылды. 9 сұраққа дұрыс жауап берілді. Баға беру парағының негізінде 51 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

           

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-6-2-2)) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысу үшін өтініш білдірген:    

Текежанова Жаңылсын Мадетбекқызы, 1967 жылы туған. Екі жоғарғы білімі бар педагогикалық және заңгерлік. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша заңгер оқуын бітірді.

1993 жылдан бастап 1995 жыл аралығында №4 ОББМ қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. Павлодар облысының ІІД үш жылдан аса қызмет атқарды, 4 ай Жамбыл облысының ІІД қызмет етті. Әртүрлі ЖШС-рінде заңгер-кеңесші, персоналдарды басқару жөніндегі менеджер, «Данабанк» АҚ заңгер ретінде жұмыс істеді. 2004 жылы «Павлодар қаласының коммуналдық меншік басқармасы» ММ-нің заңгер бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ұйымдастыру-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, ««Ақсу қаласының құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу және құрылыс секторының меңгерушісі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ бас маман заңгері, «Павлодар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» заңгер ретінде жұмыс істейді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ,  "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" ММ-нің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болды.

2017 жылдың 2 сәуірінен қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің әкімшілік-қаржы, кадрлық, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.  Мемлекеттік қызмет өтілі 17 жыл.

Әңгімелесу кезінде Ж.М. Текежановаға 9 сұрақ қойылды. 8 сұраққа - дұрыс жауап берілді, 1 сұраққа - жауап жоқ. Баға беру парағының негізінде 50 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

 

Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-6-2-1) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға А.С. Нұрхасымованың кандидатурасы ұсынылсын.

2. Басқарма басшылығына мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-6-2-2) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Ж.М. Текежанованың кандидатурасы ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы

____________ А. Қозыбаев

 

Комиссия хатшысы

____________ А. Нұрсейітова

 

Комиссия мүшелері

____________ Г. Нұрғалиева

 

 

____________А. Урманов

 

 

____________ Е. Әлдекенов

 

 

____________И. Дроздова

 

Сондай-ақ оқыңыз

Реконструкция станции юных натуралистов в городе Аксу
Строительство жилого дома № 16 в жилом комплексе "Сарыарка" в г. Павлодар...
Строительство наружных сетей водопровода в с.Конырозек Успенского района...
Строительство пристройки к средней школе №1 в селе Теренколь Качирского района...