Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

№ 3 хаттамасы

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссияның

 қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                            2018 жылғы  20 наурыз

Ленин көшесі 59                                                                                                10-00                                            

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – А.Е. Козыбаев

Хатшы: А.Е. Нұрсейітова

Комиссия мүшелері: С.Б. Қарабаева, Б.С. Қайназарова, Е.Ж. Әлдекенов,  И.Ю. Дроздова

          Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы Гүлдана Қарсенқызы Бекбұлатова – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ұйымдастыру - кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

                 Әңгімелесу барысы 1) OLYMPUS digital voice recorder VN-711PC (аудиожазба),

       2) Sony DSC-S5000 (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды

 

Күн тәртібі:

 

  Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-7-2-1),

экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне) (лауазым индексі 9-8-2-1) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

 

            Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орынға экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-8-2-1), DO-4 санаты, қызметіне  жалпы конкурсқа қатынасу үшін өтініш білдірген:        

 Рахманбергенова Диляра Әбдікәрімқызы 1989 жылы туылған. 2013 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегі аралығында «Kaspi bank» АҚ филиалының Сатылымның Сыртқы Каналдар Басқармасында жұмыс істеген. 2016 жылдың қазанынан қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ-де хатшы болып жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет өтілі жоқ.

 

            Әңгімелесу кезінде Д.Ә. Рахманбергеноваға 8 сұрақ қойылды. 3 сұраққа - жауап жоқ, 5 сұраққа - жауап толық емес. Баға беру парағының негізінде 16 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -5.

           

Сайфурова Эльмира Орымбайқызы, 1989 жылы туылған. 2011 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы «Казахэнергоэкспертиза» АҚ-да менеджер болып жұмыс істеген. 2014 жылдан 2015 жылға дейін «ОЦ Финанс Астана» ЖШС-де мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер болып жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де алғашқыда техникалық қызметкер болып, ал 2017 жылдың қаңтарынан бастап техникалық сектордың бас маманы лауазымында қызмет етеді. Мемлекеттік қызмет өтілі 1 жыл 2 ай.

 

            Әңгімелесу кезінде Э.О. Сайфуроваға 8 сұрақ қойылды. 7 сұраққа дұрыс жауап берілді, 1 сұраққа толық емес жауап берді. Баға беру парағының негізінде 44,6 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орынға бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-7-2-1), DO-4 санаты, қызметіне  жалпы конкурсқа қатынасу үшін өтініш білдірген:      

Салыкова Лейла Сәлменқызы, 1977 жылы туылған. 1998 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін «математика және есептеу техникасы»,  2006 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылдан 2004 жылға дейін мектепте мұғалім болған. 2007 жылдан бастап әртүрлі ЖШС-де, «Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкім аппаратының демалыс орталығы» МҚКМ, «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бухгалтер болып жұмыс істеген. 2016 жылдың шілдесінен бастап «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де бас маман лауазымында қызмет етеді. Мемлекеттік қызмет өтілі 1 жыл 8 ай.

            Әңгімелесу кезінде Э.О. Сайфуроваға 8 сұрақ қойылды. 7 сұраққа дұрыс жауап берілді, 1 сұраққа дұрыс жауап берілмеді. Баға беру парағының негізінде 43 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» -жоқ.

 

            Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына  бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Л.С. Салыкованың кандидатурасы ұсынылсын.

2. Басқарма басшылығына  экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Э.О. Сайфурованың кандидатурасы ұсынылсын.

 

2. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық экономикалық талдау және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметіне  әңгімелесу нәтижесі бойынша Д.Ә. Рахманбергенова қабылданбайды.

 

 

Комиссия төрағасы

____________ А. Қозыбаев

 

Комиссия хатшысы

____________ А. Нұрсейітова

 

Комиссия мүшелері

____________ С. Қарабаева

 

 

____________Б. Қайназарова

 

 

____________ Е. Әлдекенов

 

 

____________ И.Ю. Дроздова

 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство фельдшерско-акушерского пункта в с. Мойылды с/з города Павлодара...
Строительство наружных сетей водопровода в с.Конырозек Успенского района...
Строительство наружных сетей водоснабжения 207-208. 1 этап
Скрыть рекламу: Не интересуюсь этой темой Товар куплен или услуга найдена Нарушает закон или спам Мешает просмотру конте...