Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Бос орындар Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы
Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 3 хаттамасы

Павлодар облысының құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының

қорытынды отырысының

№ 3 хаттамасы

 

Павлодар қаласы                                                                            2019 жылғы  28 ақпан

Астана көшесі 59                                                                                                10-00                                           

 

Қатысқандар: Комиссия төрағасы – Е. Ж. Әлдекенов

Хатшы: А.Е. Нұрсеитова

Комиссия мүшелері: А.А. Урманов, А.Т. Мүшкенов, А.Қ. Омаров,  И.Ю. Дроздова

 Әңгімелесуде болғандар: бақылаушы – Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы Ботагөз Қайнылқаятқызы Оспанова.

 Әңгімелесу барысы 1) OLYMPUS digital voice recorder VN-711PC (аудиожазба), 2) Sony DSC-S5000 (бейнежазба) маркалы аппаратқа жазылды

 

Күн тәртібі:

 Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне), (лауазым индексі 9-9-2-1) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлер ішінен іріктеу өткізу үшін конкурс комиссиясының қорытынды отырысын өткізу. 

 Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-9-2-1) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысу үшін өтініш білдірген:

 Манарбек Қалайбекұлы Жанаев, 1967 жылы туылған. 1996 жылы ҚР МТК Алматы жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

 1992 жылдан 2012 жыл аралығындда ішкі істер органында тергеуші болып қызмет еткен. 2014 ж. 2018 ж. аралығында Қашыр ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының салық әкімшілігі бөлімінің бас маманы болған. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жыл 2 ай. Құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 20 жыл.

 Әңгімелесу кезінде М.Қ. Жанаевқа 8 сұрақ қойылды. 5 сұраққа - дұрыс жауап берілді,  2 - сұраққа жауап нақты емес, 1 сұраққа - жауап толық емес. Баға беру парағының негізінде 35 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» - 5.

 Айнұр Рахымғалиқызы  Айтимова, 1983 жылы туылған. 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын "қазақ тілі және әдебиет "мамандығы бойынша, 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

2007-2008 жылдар аралығында Семей геологиялық барлау колледжінде хатшы болды. 2008-2009 ж ж. "Семей қаласындағы 31 арна" ТРК-да эфир операторы болып жұмыс істеді. 2009-2012жж. Семей қаласының №2 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болды. 2012-2014жж. Бесқарағай ауданы, Беген ауылының орта мектебінде хатшы болды. 2014-2017 жж. Павлодар облысының Әділет департаментінде аудармашы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының құрылыс басқармасында аудармашы-іс-жүргізуші. Мемлекеттік қызмет өтілі жоқ.

Әңгімелесу кезінде А.Р. Айтимоваға 8 сұрақ қойылды. 7 сұраққа - дұрыс жауап берілді,  1 сұраққа - жауап толық емес. Баға беру парағының негізінде 40,8 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - 5, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» - жоқ.

 Дастан Хасанұлы Баймағамбетов, 1991 жылы туылған. 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.  2014 жылдан бастап Павлодар облысының полиция департаментінде тергеуші болып қызмет етеді.

 Әңгімелесу кезінде Д.Х. Баймағамбетовқа 8 сұрақ қойылды. 2 сұраққа дұрыс жауап берілді,  2 - сұраққа жауап нақты емес, 1 сұраққа - жауап жоқ, 3 сұраққа - жауап толық емес. Баға беру парағының негізінде 27,6 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» - 5.

 Бауржан Даукенұлы Тойғанбаев, 1968 жылы туылған. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдан бастап«Данар»,«Камила» фирмаларында заң қызметін бастады. 1999 жылдың қазан айынан бастап « Павлодар облысының еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ бас маман болды. 2000 жылы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары - Павлодар облыстық сотының жасауылы болды. 2002 - 2006 жылдар аралығында Павлодар облыстық сотының бас маманы болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары ЖШС-да заңгер болды. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КМК заңгер-кеңесші болып жұмыс істеді. 2014-2015 жылдары «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ-де бас маман болды. 2015 - 2018 жылдары «Павлодар облысының статистика департаменті» РММ-де заңгер, жетекші маман, бас маман болып қызмет етті.

 Әңгімелесу кезінде Б.Д. Тойғанбаевқа 8 сұрақ қойылды. 5 сұраққа дұрыс жауап берілді,  2 сұраққа - жауап нақты емес, 1 сұраққа - жауап жоқ. Баға беру парағының негізінде 35,2 балл жинады.  Комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «қолдағандар» - жоқ, «қалыс қалғандар» - жоқ, «қарсы болғандар» - 5. Басқарманың конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарын қарастыру қорытындысы бойынша, өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша, пікір алысып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Басқарма басшылығына  заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (лауазым индексі 9-9-2-1) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға А.Р. Айтимованың кандидатурасы ұсынылсын.

2. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орынға заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы қызметіне  әңгімелесу нәтижесі бойынша М.Қ. Жанаев, Д.Х. Баймагамбетов, Б.Д. Тойғанбаев қабылданбайды.

 

 

 

Комиссия төрағасы

____________ Е. Әлдекенов

 

Комиссия хатшысы

____________ А. Нұрсейітова

 

Комиссия мүшелері

____________ А. Омаров

 

 

____________А. Урманов

 

 

____________ А. Мүшкенов

 

 

____________И. Дроздова

 

 

 



Сондай-ақ оқыңыз

Строительство 24-х квартирного жилого дома в селе Теренколь Качирского района...
Строительство жилого дома №21 в жилом комплексе "Сарыарка"
Строительство наружной сети водопровода в с. Карасор и с. Кулаколь
Строительство ветеринарного пункта в селе Федоровка Качирского района...