Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Құрылыс жөніндегі мәлімет ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

2017 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 

1. Экономиканың өсу серпіні

2016 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде облыстың өндірілген жалпы өңірлік өнімінің көлемі 1348,4 млрд. теңгені құрады (2015 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 96,6%-ға). Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы – 4,3%.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 1777,4 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 0,7%-ға (1764,7 мың теңге) жоғары.  

                           

2. Экономиканың нақты секторы

2.1. Өнеркәсіп

2017 жылғы қаңтарға өнеркәсіптік өндіріс көлемі 143,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 105,8% (республика бойынша – 104,9%).

Өнеркәсіптің НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 105,7%-105,9%-ды құрады.  

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде24 млрд. теңгеге өнім шығарылды, 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда НКИ – 111,7%.

Тас көмір және лигнит өңдіру көлемі 5,9 млн. тоннаны (114,9%) құрады, соның ішінде:тас  көмір  - 5,6 млн. тонна (116,3%) және лигнит 0,3 млн. тонна (95,9%)

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 111,8%-ды құрады.  

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 90,1 млрд. теңгені құрады, 2016 жылғы қаңтарға қарағанда НКИ – 105,4%.

Төмендеу мына салаларда байқалуда:

Жеңіл өнеркәсіп өндірісі – НКИ 85,4% (техникалық қажеттілік үшін тоқыма бұйымдары мен тауарлардың болмауы, балаларға арналған киімдер өндірісінің төмендеуі – 87,1%);

резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – НКИ 99,1% (пластина, парақ, пленка, жұқалтырлардан және пластмассадан жасалған жолақтар басқалар – 98,7%; пластмассадан жасалған оралған бұйымдар - 86,3%; пластмассадан жасалған есіктер, терезелер, есік қораптары – 99,0%);

жиһаздан басқа ағаш және тоздан жасалған бұйымдар өндірісі – 79,2% (кесілген және тесілген орман материалдар өндірісінің төмендеуі – 50,0%).

өзге металл емес минералды өнім өндірісі - НКИ 92,7% (керамикалық, отқа төзімсіз, құрылыс кірпіштер шығарылымының төмендеуі – 13,0%; цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған кірпіштер және құрылыс блогтары – 98,5%, тауарлы бетон – 67,4%).

Сол уақытта өндіріс көлемінің артуы мына салаларда байқалуда:  тамақ өнімдері өндірісі (НКИ – 105,3%), қағаз және қағаз өнімінің өндірісі (НКИ – 111,8%), мұнай өңдеу өнімдер өндіру (НКИ – 134,8%), химиялық өнеркәсіп өндірісі (НКИ – 138,3%), металлургия (НКИ – 102,9%), машина жасау (НКИ – 151,1%).   

Өндеу өнеркәсібінің НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 105,2%-ды құрады.  

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда  өндіріс көлемі 28,3 млрд. теңгені құрады, 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда НКИ – 102,2%.

Облыс электр станциялары сағатына 3,4 млрд. кВт электр энергиясын өндірді, бұл 2016 жылғы қаңтардан 7,0%-ға жоғары   

Жылу энергиясын өндіру 1763,8 мың Гкалды құрады (2016 жылғы қаңтарға қарағанда 93,4%).

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 103,0%-ды құрады.  

Сумен жабдықтау саласында 2016 жылғы қаңтарға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 0,9 млрд. теңгені немесе 103,9%-ды құрады.

Сумен жабдықтаудыңНКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 103,5%-ды құрады.  

 

Өнеркәсіп өнімінің аса маңызды түрлерінің өндірісі

 

Өнім

түрлері

Өлшем

бірлігі

2017 жылғы қаңтар

2016 жылғы қаңтарға қарағанда

НКИ %-бен

Тас көмір

млн. тонна

5,6

116,3

Лигнит

млн. тонна

0,3

95,9

Бензин

мың тонна

124,8

133,8

Газойлдер

мың тонна

119,2

149,9

Тазартылмаған болат

мың тонна

23,4

92,7

Электр энергиясы

сағатына млрд. кВт.

3,4

107,0

Жылу энергиясы

мың Гкал

1763,8

93,4

 

Индустрияландыру картасы

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустрияландыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 1,46 трлн. теңге инвестициялар көлемімен 38 жоба іске асырылуда (8897 жұмыс орны).

Оның ішінен:

- 5 жоба – Индустрияландыру картасы шеңберінде 978,6 млрд. теңге инвестициялар көлемімен, жұмыс орын саны – 2479;

- 33 жоба – Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша, инвестициялар көлемі – 481,7 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 6418.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде 994,8 млрд. теңге инвестициялар көлемімен 24 жоба іске асырылуда (6381 жұмыс орны).

2017 жылы 270,6 млрд.теңге инвестиция көлемімен 8 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 1214.

  

2.2. Ауыл шаруашылығы

2017 жылғы қаңтар ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 5,9 млрд. теңгені немесе 111,8%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 100,0%, мал шаруашылығында – 112,1%.

Ауыл шаруашылығының НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 110,0%-ды құрады.  

 

Өсімдік шаруашылығы. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 350 мың га немесе жоспардан 101% (1 із) және 30,5 мың га немесе жоспардан 9% (2 із) аумақта қар ұстау бойынша қысқы агро іс-шара жүргізді.

2017 жылғы өнімге шаруашылық субъектілері 128,1 мың тонна көктемгі егістің ауыл шаруашылық дақылдарын немесе жоспарлы қажеттіліктен 117,0% (109,8 мың тонна), оның ішінен дәнді-дақылдар тұқымы – 82,4 мың тонна немесе жоспардан 105% себілді.

Толық талдауға 32,4 мың тонна тұқым түсті, барлық тұқым кондициондық жеп танылды.

 Өсімдік шаруашылығының НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 100,0%-ды құрады.  

    

          Мал шаруашылығы. 2017 жылғы 1 ақпанға ІҚМ басының саны 400,0 мың басты (2016 жылғы қаңтарға қарағанда 100,7%), қой – 514,5 мың басты (102,1%), ешкі – 68,8 мың басты (98,2%), жылқы – 139,1 мың басты (107,0%), шошқа – 64,8 мың басты (102,7%), құс – 1225,9 мың басты (142,1%)құрады.

Төмендеу себептері:

Ешкі басының Екібастұз қ.а.а. (1,1%-ға), Май (5,2%-ға), Павлодар (36,6%-ға), Лебяжі аудандарында (4,6%-ға) негізінен жеке аулаларда мал басының 9,5%-ға қысқару есебінен төмендеді.

15,1 мың тонна (106,1%) сүт, 6,5 мың тонна (114,0%) тірідей салмақтағы ет, 8,6 млн. дана (102,0%) жұмыртқа өндірілді.

2017 жылы «Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша 2000 бас ІҚМ, 100 бас қой және 500 бас жылқы сатып алуға кредит берілді.

Мал шаруашылығының НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 110,0%-ды құрады.  

 

Ауыл шаруашылық шикізатын өндеуді қамтамасыз ету және жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен нарықты толтыру үшін өндеудің 299 объектісі және 204 дайындау пункті жұмыс істейді. 2017 жылғы қаңтар ішінде 235,6 мың тонна (2015 жылғы кезеңге қарағанда 101,0%) сүт және 35,5 мың тонна (100,7%) ет дайындалды.

2017 жылғы 1 ақпандағы облыс бойынша 70 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 189,7 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

2.3. Құрылыс

2017 жылғы қаңтар ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 0,9 млрд. теңгені немесе 67,5%-ды құрады.

Төмендеу себептері:

 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда құрылыс монтаждау жмыстар көлемінің 22%-ға, сондай-ақкүрделі және ағымдағы жөндеу 57,6%-ға төмендеуі есебінен.

2017 жылғы қаңтар ішінде 12,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңінен 5,4%-ға көп.

2017 жылғы қаңтарда Павлодар қ. 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.

3. Инвестиция

2017 жылғы қаңтар ішінде облыс экономикасына 4,6 млрд. теңге немесе 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 44,4% инвестициялар тартылды.

Төмендеу себептері:

Инвестициялық бағдарламаларды қайта қарау және ірі кәсіпорындардың облыс кәсіпкерлігін қолдау картасының жобалары салым көлемдерінің азаюы.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың НКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 50,0%-ды құрады.  

 

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 0,7 млрд. теңге, кәсіпорындардың меншік қаражаты – 3,6 млрд. теңге, басқа қарыз қаражаты – 0,3 млрд. теңге, оның ішінен 0,2 млрд. теңге - шетел инвестициялары.

4. Сыртқы сауда айналымы

2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде сыртқы сауда айналымының көлемі 2030,7 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы кезеңге қарағанда 81,3%), соның ішінде экспорт – 1014,2 млн. АҚШ доллары (90,4%), импорт – 1016,5 млн. АҚШ доллары (73,8%). Сауда балансының сальдосы теріс қалыптасты және 2,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Минералды өнімдер тауарларының (7,4%-ға) және металлургияның (12,3%-ға) негізгі топтары бойынша экспорттың қысқаруы байқалуда. Сол уақытта азық-түлік өнеркәсіптің экспорттық жеткізулердің (14,5%-ға), құрылыс саласының өнімі (15,1%-ға), машина жасаудың 2,7 есе, ағаш материалының 15,5 есе өсуі байқалуда.

2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде минералды өнімдер импортының 15,5%-ға (тас көмір және антрациттен кокс және жартылай кокс импорты есебінен), химиялық өнімдер (көлік құралдары үшін доңғалақ тыстары импорты, натрий гидроксиді және сантехника есебінен), құрылыс материалдар – 19,6%-ға (отқа төзімді керамикалық құрылыс материалдар (кірпіш, блоктар) импорты есебінен), ағаш, орман материалдары және целлюлоза-қағаз бұйымдары 19,4%-ғаұлғаюы байқалуда.

ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1020,1 млн. теңге АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 85,3%), соның ішінде экспорт – 568,2 млн. АҚШ доллары, импорт – 451,9 млн. АҚШ доллары.

         

          5. Шағын және орта кәсіпкерлік

2017 жылғы 1 ақпанға шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілер саны 2016 жылғы кезеңге қарағанда 1,1%-ға қысқартылды (жеке кәсіпкерлер санының төмендеуі есебінен) және 43,9 мың бірлікті құрады.

2016 жылғы 1 қазанға ШОК өнімін, тауарларын және қызмет көрсетулерін шығару 329,5 млрд. теңгені (өнімдерді, тауарларды шығарудың және заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің қызметтерінің төмендеуі есебінен 2015 жылғы кезеңге қарағанда 78,0%), жұмыспен қамтылғандар саны – 129,8 мың адамды құрады (98,0%).

2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 2,0 млрд. теңге бөлінді.

          «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытшеңберінде Бағдарлама іске асырылғаннан бастап 15,5 млрд. теңге сомаға 627 жоба мақұлданды.

«Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық
қолдау» екінші бағыт шеңберінде
Бағдарлама іске асырылғаннан бастап 99,2 млрд. теңге сомаға 851 жоба мақұлданды:

- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша инвестициялардың жалпы 79,2 млрд. теңге сомасына 671 жоба мақұлданды.

- кредиттер бойынша кепілдік беру бойынша – инвестициялардың жалпы 1,5 млрд. теңге сомасына 108 жоба.

- гранттық қаржыландыру бойынша - инвестициялардың жалпы 74 млн. теңге сомасына 26 жоба. Осы құрал 2013 жылдан бастап іске асырылуда.

- индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша - инвестициялардың жалпы 8,4 млрд. теңге сомасына 32 жоба мақұлданды.

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыт бойынша 6,9 млрд. теңге сомаға 13 жоба мақұлданды.

«Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртінші бағыт бойынша  Бағдарлама іске асырылғаннан бастап 10405 сервистік қызмет көрсетілді.

6. Көлік және байланыс

6.1. Көлік

2017 жылғы қаңтар ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 10,4 млн. тоннаны (2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,7%) құрады, жүк тасымалы айналымы – 2,5 млрд. тонна шақырым (100,5%). Жолаушылар тасымалы айналымы 4,7%-ға артты.

2017 жылы облыс автожолдарын ұстауға және жөндеуге барлық деңгейдегі бюджеттерден 9009,5 млн. теңге бөлінді.

6.2. Байланыс

2017 жылғы қаңтар ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 1,1 млрд. теңгені құрады (2016 жылғы кезеңге қарағанда 96,5%).

Төмендау себептері:

Жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынудың 4,8%-ға, Интернет желісі – 1,9%-ға және басқа телекоммуникация қызметтерінің 22,5%-ға,  қысқаруы есебінен.

Байланыс қызметтерініңНКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 97,0%-ды құрады.  

Жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің қысқаруы есебінен пошталық және курьерлік қызметтен түскен кіріс 11,5%-ға азайды (53 млн. теңге).

7. Сауда

2017 жылғы қаңтар ішінде бөлшек сауда айналымы 21,7 млрд. теңгені құрады, тауарларды өткізу 2,3%-ға көбейді.

Бөлшек саудаНКИ болжамы бойынша 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 102,3%-ды құрады.  

2017 жылғы қаңтар ішінде көтерме сауда көлемі – 19,0 млрд. теңге (103,6%).

8. Инфляция

2017 жылғы қаңтарда барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге инфляция деңгейі2016 жылғы желтоқсанға қарағанда100,8% құрады (республика – 100,8%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,1%, азық-түлік емес тауарлар – 100,8%, ақылы көрсетілетін қызметтер – 100,4%.

Азық-түлік тауарлары бойынша 2016 жылғы желтоқсанға қарағанда ұн бағасының – 0,2%-ға, макарон өнімдері – 0,1%-ға, жарма – 0,3%-ға, ет – 1,8%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,2%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға, жемістер – 1,6%-ға, көкөністер – 6,3%-ға,  кондитерлік өнімдер – 0,1%-ға, темекі өнімдері – 0,7%-ға өскені байқалады.

Азық-түлік емес тауарлар құрылымында баға үй керек-жарақтарына – 0,2%-ға, дәрі-дәрмектер – 1,1%-ға,– 9,3%-ға, киім мен аяқ киімге – 0,8%-ға, бензин – 3,0%-ға көтерілді.

          Ақылы көрсетілетін қызметтер саласында баға индексінің көлік қызметтеріне – 0,2%-ға, амбулаториялық көрсетілетін қызметтерге – 2,5%-ға, тұрғын үй қызметтеріне – 0,2%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 1,3%-ға өскені байқалады.

Қазақстан Республикасының 18 қаласы бойынша бөлшек бағалардың салыстырмалы талдау Павлодар қаласында ең төмен бөлшек бағалар белгіленгенін көрсетеді: 1-сұрыпты ұн,  пастерленген сүт майлылығы 2,5%, ірімшік майлылығы 5-9%, күнбағыс майы, тұздалмаған сарымай, өсімдік-сарымай (спрэд), жұмыртқа, тұз, арпа жармасы, бидай, қарақұмық жармасы, ұнтақ жармасы, күріш, басты пияз, картоп, орамжапырақ, қызылша, сәбіз.

 

9. Салықтар

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 15,2 млрд. теңге немесе 2017 жылғы кезең жоспарына қарағанда 143,9% салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, республикалық бюджетке 8,3 млрд. теңге (2016 жылғы жоспарға қарағанда 140,3%), жергілікті бюджетке – 6,9 млрд. теңге (148,5%) аударылды.

 

10. Әлеуметтік сала

10.1 Еңбек нарығы

2016 жылғы IV-тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (республика – 4,9%).

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыста 3090 бос жұмыс орны бар. Жұмыспен қамту қызметтерінде 2384 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6%-ды құрады.

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыста 429 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 295-і тұрақты.

Кедейлік шегінен төмен тұратын, аз қамтылған 232 азаматқа 1,4 млн. теңге жалпы сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

632 отбасыға 4,4 млн. теңге сомаға балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.

Жыл басынан 1466 аз қамтылған отбасыға 7,5 млн. теңге жалпы сомаға тұрғын-үй көмегі тағайындалды.

1 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға әр түрлі қаржыландыру көздерінен 8,5 млн. теңге жалпы сомаға ақшалай және заттай түрінде қайырымдылық көрсетілді.

 

10.2 Еңбекке ақы төлеу

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 122382 теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 113,1%-ды құрады.

Нақты жалақы индексі 99,2%-ды құрады.

 

11. Білім беру

Білім беру жүйесі 387 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (96,4 мың оқушы), 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

Мектептердің компьютерлік паркі 16,9 бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,7 оқушыдан келеді. Интернет желісіне 386 мектеп (99,7%), кең жолақты Интернетке 377 мектеп (97,4%) қосылған.

94,0 мың оқушыны жалпы қамтумен 357 мектепте (94,0%) ыстық тамақты ұйымдастыру жүзеге асырылады. 

2975 оқушы үшін (100%) облыста 107 мектебіне жеткізу ұйымдастырылды. 

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 432 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,5 мың бала), соның ішінде 170 балабақша және 262 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 75,3%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

 

12. Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 354 медициналық ұйым есептеледі, соның ішінде 22 аурухана ұйымдары мен 15 АЕҰ, 1 ауылдық учаскелік аурухана, 5 диспансер, 59 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт, 221 медициналық пункт, 6 өзге медициналық объектілер (СӨС орталығы, жедел және шұғыл медициналық көмек станциялары, облыстық бала үйі және басқалары).

2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2325 дәрігер және 5898 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.  

«Мединформ» ЖШС жедел деректері бойынша облыста 2017 жылғы қаңтар ішінде 1033 бала туды, туу көрсеткіші 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,7%-ға көбейді және 1000 адамға шаққанда 16,34 құрады (2015 жылғы қаңтарда – 996 бала, көрсеткіш – 15,76).

Сәбилер өлім-жітімінің көрсеткіші 5,5%-ға көбейді және 1000 тірі туылғандарға шаққанда 11,6 құрады.

2017 жылғы қаңтар ішінде ана өлім-жітімінің 1 оқиғасы тіркелді (Павлодар қаласында), ана өлім-жітімінің көрсеткіші 100 тірі туылғандарға шаққанда 96,8 құрады.

Өлім-жітім себебі: жүкті әйелдің IV сатысында онкологиялық науқастануы.

2017 жылғы қаңтар ішінде облыс бойынша туберкулез дертімен ауру көрсеткіші – 3,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 52,2), төмендегені байқалады.

Сол уақытта, қатерлі ісік өскіндерімен – 3,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 291,1), психологиялық белсенді заттарды қолдану салдарынан болған аурулар – 3,8%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 85,4), АИТВ-инфекциясымен ауру көрсеткіші – 42,9%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 3,0) өсуі байқалады.

2017 жылы Ақсу қ.а.а. Евгеньевка а. дәрігерлік амбулатория және Успен ауданы Тобылжан а. медициналық пункті құрылысы аяқталуда.

 

13. Мәдениет

Мемлекеттік желіде 546 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде 279 кітапхана, 236 клуб мекемесі, 17 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 10 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы.

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және  «Достық үйі» мәдени-демалыс қызметі, сондай-ақ облыстық филармония 20 іс-шара өткізді. 

Облыс мұражайлары 211 экскурсия, 91 дәріс өткізді, 36 көрме ұйымдастырды, 8 экспонат сатып алды.

Облыс театрында 5,3 мың адамды қамтумен 25 қойылым қойылды.

204 кітапхана компьютерлермен жабдықталды, оның ішінен 140 - Интернет желісіне қосылды. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс бойынша 36,9 мың оқырман кітапхана қызметін пайдаланды.

 

14. Дене тәрбиесі және спорт

Спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3403 бірлігін қамтиды, соның ішінде 1956 – ауылда. Облыста 27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді (21993 бала).

2017 жылғы қаңтарда ішінде облыс спортшылары Республикалық жарыстарда 73 медаль (25 - алтын, 16 – күміс, 24 – қола) жеңіп алды.

2017 жылғы 1 ақпанға облыс бойынша барлығы 8,5 мың адам қамтылған 82 бұқаралық спорт іс-шаралары, соның ішінде  ауылдық жерде 2,0 мың адам қамтылған 28 іс-шара өткізілді.

 

15. Қоғамдық қауіпсіздік

2017 жылғы қаңтар ішінде 1134 қылмыс тіркелді, қылмыс жасаған 279 тұлға анықталды.

          Қылмыстардың барлық түрлері бойынша жалпы ашылуы 50,8%-ды құрады. 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство водопровода в селе Прииртышск Железинского района Павлодарской области...
Привязка ПСД на строительство ветеринарного пункта в с. Набережное Павлодарского района...
Строительство многоквартирного жилого дома по ул. Строителей,42 (наружные сети и благоустройство)...
Строительство наружной сети водопровода в с. Карасор и с. Кулаколь