Государственное учреждение

Управление строительства

Павлодарской области

kurylys.pavlodar.gov.kz

Официальный Интернет-портал

Басты Басқарма туралы Басқарма туралы ереже «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

Павлодар облысы  әкімдігінің

2017 жылғы «31» шілдедегі

222/4 қаулысымен бекітілді

 

«Павлодар облысының құрылыс басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

 

1. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 59-үй.

10. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілдегі – государственное учреждение "Управление строительства Павлодарской области".

12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

13. Осы ереже «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

15. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысының басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. 2.     «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

16. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: құрылыс қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.

17. Құрылыс қызметін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

18. Құрылыс қызметі іс-шараларды облыс деңгейінде іске асыру «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.

 19. Міндеттері:

1) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және байланысты дамытуға бағытталған облыстық саясатты әзірлеу, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және байланыс салаларында заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына монторинг жүргізуді және талдауды қамтамасыз ету;

2) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және байланысты қолдаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;

3) құрылыс қызметінің, Павлодар облысының жолаушылар көлігі кәсіпорындарының, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және байланысты дамыту, жөндеу және ұстау бойынша қолайлы болатын жағдайлар жасау бойынша шараларды әзірлеу;

4) құрылыс, жолаушылар көлігі, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және байланыс салаларын  мониторинг  жүйесін ұйымдастыру және жетекші салаларды болжамдау жұмысты үйлестіру бойынша шараларды әзірлеу;

5) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және байланыс салаларында басымдықтарды әзірлеу;

6) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде стандарттар сапасының, сондай-ақ регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету.

20. Функциялары:

1) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

2) құрылыс қызметі, жолаушылар көлігі, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, және байланыс салаларында Павлодар облысының аумақтарын дамыту, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, талдау, бағалау және болжамдау, инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды әзірлеу үрдісіне қатысу;

3) құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және байланысты дамыту жөніндегі облыстық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

4) құрылыс, жолаушылар көлігі, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және  байланысты дамыту мен тиімді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және тұрақты дамыту;

7) тиісті деректер қорын құра отырып Павлодар облысының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

8) құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

9) жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

10) жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiту және келісу;

11) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

12) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

13) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

14) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

15) қызмет өңірі шегінде  механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісімдеу;

16) көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды жүргізу;

17) шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алу;

18) Павлодар облысының аумағында пошталық байланыстың тиімді қызмет етуіне жәрдемдесу;

19) Бағдарламалар бойынша әкімшісі фунциясын жүзеге асыру:

өнеркәсіптік азаматтық құрылысын, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, ұстау, жер беруді ресімдеу, өнеркәсіптік азаматтық құрылысты, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуды, қайта жанартуды, күрделі және орташа жөндеуді техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу;

әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялауды асыру;

20) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;

21) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды өткізу үдерісінде конкурстарға тапсырыс беруші мен оны ұйымдастырушысының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;

22) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;

23) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;

24) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары индекстерін атауын бекіту;

25) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту; 

26) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, аттестациялауды ұйымдастыру;

27) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;

28) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

29) облыс әкімінің тапсырмаларын, әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау мен орындалуын ұйымдастыру;

30) " Павлодар облысының құрылыс басқармасы " мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

31) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;

32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.

21. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына құрылыс қызметін, жолаушылар көлігін, автомобиль жолдарын және байланысты дамытудың негізгі бағыттары, проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;

3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

4) мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

5) мемлекеттік органдарда, сотта «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;

6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

  1. 3.     «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік
    мекемесінің қызметін ұйымдастыру

22. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

24. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

25. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

5) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

9) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

10) «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.

26. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

27. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

28. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

29. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

30. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес анықталады.

4. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

31. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

32. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік

мекемесін қайта ұйымдастыру және (қысқарту) тарату

 

34. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

35. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстың коммуналдық меншігінде қалады.

 

      6. «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

 

1) «Сапаржай Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2) «Павлодарвокзалсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Сондай-ақ оқыңыз

Строительство жилого дома №15 в жилом комплексе "Сарыарка"
Строительство жилого дома №27 в жилом комплексе "Сарыарка" в г.Павлодар...
Строительство водопровода в с. Исы Байзакова
Строительство жилых домов в 21 мкр. Жилой дом №1. №2